МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ: СӘЙКЕСТІКТЕН БІЛІМ САПАСЫНА ДЕЙІН

МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ: СӘЙКЕСТІКТЕН БІЛІМ САПАСЫНА ДЕЙІН
11 тамыз 2026 жылы Казталов ауданының Жалпақтал ауылында, Ғ. Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың стратегиялық бағыттары: көшбасшылық, әдістемелік сүйемелдеу және адами капиталды дамыту» тақырыбындағы стратегиялық алаңның пленарлық отырысы өтті.
Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Ажар Оңғарбаева қатысып, «Мемлекеттік бақылау: сәйкестіктен білім сапасына дейін» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау нәтижелері, бақылау барысында жиі кездесетін бұзушылықтар мен жүйелі мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктердің білім беру сапасына ықпалы, оларды болдырмау жолдары, мектепке дейінгі ұйымдардың лицензия алуына қойылатын талаптар, сондай-ақ лицензиялау мен мемлекеттік аттестаттау рәсімдерінің өзара байланысы түсіндірілді.
Отырысқа мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.