Департамент басшысы облыстық білім басқармасының аппараттық кеңесіне қатысты

Департамент басшысы облыстық білім басқармасының аппараттық кеңесіне қатысты

2026 жылғы 2 маусымда Батыс Қазақстан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы З.Б. Гумарова облыстық білім басқармасының аппараттық кеңесіне қатысты.

Кеңес барысында департамент басшысы жазғы білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен лицензиялауға өтініш беру тәртібі туралы баяндама жасады. Өз сөзінде ол лицензия рәсімдеу барысында заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігіне ерекше тоқталды.

Сонымен қатар З.Б. Гумарова білім беру ұйымдарының жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындық жұмыстарын сапалы ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау науқанының белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілуіне ерекше назар аудару қажеттігін жеткізді.

Кеңес қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының қызметін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес ұйымдастыру және өзекті бағыттар бойынша жұмысты күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.