Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті
29 мамыр күні білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ бұйрығы — «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының нормалары түсіндірілді.
Семинар барысында мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі, құжаттарды дайындау талаптары, өзін-өзі бағалау жүргізу және материалдарды білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында орналастыру мәселелері қарастырылды.
Іс-шараға облыстың білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, білім беру бөлімдерінің өкілдері қатысты.