Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша департаменті ведомствоаралық жедел кеңес өткізді

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша департаменті  ведомствоаралық жедел кеңес өткізді
19 наурызда 2026 жыл Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ведомствоаралық жедел кеңес өткізді.
Кеңес барысында Тексеру субъектілерінің (объектілерінің) бірыңғай тізілімін және Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу мәселелері қаралып, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау шаралары талқыланды.
Іс-шара барысында мемлекеттік бақылау және қадағалау, әкімшілік іс жүргізу және инвесторлардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама нормалары түсіндірілді.
Сонымен қатар, qamqor.gov.kz интернет-ресурсында әкімшілік процеске қатысушыларға мемлекеттік органдарға шағым жолдауға, оларға жауап алуға және «Тексерулер картасын» пайдалануға мүмкіндік беретін ЕРАП-тың жария секторы жұмыс істейтіні атап өтілді.
#заңментәртіп
#АдалАзамат