Тиімді басқару мен жас мамандардың кәсіби дамуы мәселелері бойынша тәжірибелік алаңы өтті

Тиімді басқару мен жас мамандардың кәсіби дамуы мәселелері бойынша тәжірибелік алаңы өтті
Облыстық білім басқармасы мен облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Білім берудің жаңа серпіні – тиімді басқару мен жас маман» тақырыбындағы тәжірибелік алаң өтті. Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарындағы тиімді басқару тәжірибесін насихаттау, мектеп басшылары мен жас мамандар арасында кәсіби диалог орнату, тәжірибе алмасу арқылы жас педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету және басқару мәдениетін жетілдіру.
Аталған іс-шараға Білім департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Б. Төлегенов қатысып, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мәселелері бойынша баяндама жасады. Ол өз сөзінде аттестаттаудың негізгі кезеңдеріне, бағалау критерийлеріне және білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауды жүргізуге қойылатын талаптарға тоқталды.