
Ағымдағы жылдың 17 наурызында лицензиялық комиссияның отырысы өтті. Отырыс нәтижесі бойынша «Орал сервис технологиялық колледжі» («Киім дизайны» бағдарламасы) және «Жоғары инженерлік-технологиялық колледж» («Ветеринария» бағдарламасы) ұйымдарына лицензияға қосымша беру шешілді. Сонымен қатар, «Школа «Мозаика-Уральск» ЖШС мектебіне бастауыш білім беру бағдарламасы бойынша лицензия және қосымша беруден, сондай-ақ Орал қаласы білім беру бөлімінің «№31 жалпы білім беретін мектепке» негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша лицензияға қосымша беруден бас тартылды.
Бұл шешім лицензиялық талаптар мен білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.