
20 қаңтарда лицензия беру комиссияның отырысы өтті, онда Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына «Робототехника» мамандығы бойынша лицензияға қосымша беру мәселесі қаралды. Қарау нәтижесінде ұсынылған материалдар лицензиялық талаптарға сәйкес болғандықтан, лицензияға қосымша беру туралы шешім қабылданды.