
2025 жылдың 30 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Онда педагогикалық әдеп мәселелері туралы Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «Құрманғазы атындағы саз колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Н.О.Сертековтің, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы және әдеп бұзған педагогтердің мәселелері туралы Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы А.З.Кайыржанованың, Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.К.Сарсенгалиевтің есептері тыңдалды.
Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тарапынан есеп берушілерге нақтылау сұрақтар қойылды. Мектеп басшыларына, педагогтерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі, ұжымдағы психологиялық ахуалды тұрақтандыру, педагогикалық әдеп талаптарын бұзған білім беру ұйымдарының басшыларына алынатын тәртіптік шараны қатаңдату, егжей-тегжейлі талдау жүргізу туралы ескертулер берілді.