
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің тапсырмасы аясында және 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарын іске асыру мақсатында кездесу өткізілді. Оған №27 мектеп-лицейінің оқушылары қатысып, Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің жұмысымен танысты. Оқушыларға департаменттің негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, оның жұмысы көрсетілді. Мұндай кездесулер жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттырып, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.