Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Б. Төлегенов Теректі ауданы Подстепное ауылында өткен «Білім беру үдерісін дамытуда жұмыстың тиімділігін арттыру» аудандық семинар-практикумға қатысты.
Шара барысында ол мемлекеттік бақылау шаралары, мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер жүргізу тәртібі туралы ақпарат берді.
Семинарда білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын талаптар және бақылау рәсімдерінің ерекшеліктері талқыланды.