БҚО мектептерінде PISA зерттеуі (PBTS) өтеді

БҚО мектептерінде PISA зерттеуі (PBTS) өтеді
Батыс Қазақстан облысында 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында 33 мектепте PISA халықаралық зерттеуі (PBTS) жүргізіледі.
Бұл зерттеу білім беру сапасын бағалауға, оқушылардың білім деңгейін анықтауға және мектептердің тиімділігін арттыруға бағытталған.
📌 Айта кету керек, PISA мектептер үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы (ОЭСР) тарапынан өткізіледі. 2021 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстандағы 3000-нан астам білім беру ұйымы зерттеуге қатысты. Қазақстандағы зерттеуді үйлестіруші — А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер дәне білімді бағалау орталығы.