Бүгін білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестациясы аясында тестілеу басталды. Кестеге сәйкес тестілеу Бөрлі ауданының Қарақұдық және Қарағанды мектептерінде өткізілді.
Тестілеуге 4 және 9-сыныптардың 18 оқушысы қатысты. Процедура штаттық тәртіпте өтті.
Тест қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімі қанағаттанарлық деңгейде екені анықталды және ол мектептердің мемлекеттік аттестациясы аясында пайдаланылатын болады.