Құрметті ұстаздар!

Құрметті ұстаздар!
Батыс Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Ұстаз – жас ұрпақтың бойына білім мен парасат дарытып, еліміздің болашағын қалыптастыратын ең қастерлі мамандық иесі. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз қоғамның рухани дамуы мен интеллектуалдық әлеуетінің артуына зор үлес қосуда.
Шын жүректен мықты денсаулық, шығармашылық табыс, қажырлы еңбек пен шәкірттеріңіздің жетістігінен қуаныш тілейміз!