
Бүгін Ұстаздар күні қарсаңында өткен брифингке Білім беру департаментінің басшысы З. Ғұмарова қатысып, мұғалімдерді қолдау және олардың мәртебесін көтеру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтты.
Негізгі бағыттар:
• «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы Заң мұғалімдердің кәсіби өсуіне және мамандық беделін арттыруға жағдай жасады.
• Мектеп мұғалімдерінің оқу жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендетілді, есептілік қысқартылды.
• Өңірлік департаменттер жанынан педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер құрылды.
• Республикалық «Үздік педагог» байқауы өткізіледі.
• «Педагог» кәсіби стандарты бекітілді.
• Мұғалімдерді кәсіби міндетіне жатпайтын жұмысқа тартуға жол бермеу күшейтілді, бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
• Елеулі жетістіктерге жеткен педагогтер мемлекеттік наградаларға, соның ішінде «Қазақстанның еңбек ері» атағына ие болады.
Мұғалімнің басты міндеті – оқу-тәрбие үдерісіне толыққанды көңіл бөлу.