«Ұстазыңды құттықта!» челленджі

«Ұстазыңды құттықта!» челленджі

«Ұстазыңды құттықта!» челленджі аясында облыстық білім беру департаментінің басшысы Зауре Гумарова өзінің алғашқы ұстазы – Ләззат Ғалымқызына алдағы кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтауын жеткізді.

Ләззат Ғалымқызы педагогикалық қызметін Жаңақала ауданындағы Гагарин атындағы бастауыш мектепте бастап, ұстаздар әулетінен шыққан жан ретінде бүкіл өмірін жас ұрпақты тәрбиелеуге және білім беруге арнады.
«Ләззат Ғалымқызы – менің алғашқы ұстазым. Ол бойымызға білімге деген сүйіспеншілікті, өз күшімізге сенімділікті сіңірді. Осындай ұстаздардың арқасында өскелең ұрпақтың болашағы қалыптасып, мектептің озық дәстүрлері сақталады», – деп атап өтті департамент басшысы.
Барша ұстаздарды алдағы кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге лайықты құрмет көрсетіліп, әрбір жетістігіңіз қуаныш пен шабыт сыйласын!