Облыстағы мектептерде мемлекеттік аттестаттау аясында тестілеу басталады

Облыстағы мектептерде мемлекеттік аттестаттау аясында тестілеу басталады

6–28 қазан аралығында өңірдің білім беру ұйымдарында 4- және 9-сынып оқушылары үшін мектептердің мемлекеттік аттестаттауы аясында тестілеу өткізіледі.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің №486 бұйрығына сәйкес және ағымдағы жылдың қараша және желтоқсан айларындағы аттестаттау кестесіне енгізілген мектептерде ұйымдастырылады.

Тестілеу нәтижелері оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін көрсетіп, мектептердің мемлекеттік аттестаттауын жүргізу кезінде маңызды көрсеткіш болады.

Мектеп басшыларына тестілеу кезеңінде материалдық-техникалық базаның дайындығын қамтамасыз етіп, оқушыларға қолайлы жағдай жасау қажет.