Білім бөлімдері басшыларымен кеңес өтті

Білім бөлімдері басшыларымен кеңес өтті
2025 жылғы 9 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зауре Базарғалиевна Гумарованың төрағалығымен қалалық және аудандық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен онлайн жиын өтті.
Кеңесте мектептердің 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындығына жүргізілген мониторинг қорытындылары, оқу үрдісін ұйымдастыру, мемлекеттік бақылау шаралары барысында анықталған бұзушылықтар және педагог мәртебесіне қатысты мәселелер қаралды.
Жиын соңында анықталған кемшіліктерді жою және болашақта олардың алдын алу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.