2025 жылы жүргізілген тексерулер туралы ақпарат
2025 жылы Батыс Қазақстан облысында білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 9 тексеру жүргізді, оның 4-і жоспарлы, 5-і жоспардан тыс болды. Жоспарлы тексерулер облыстық және аудандық білім беруді басқару органдарына қатысты өткізілді. Жоспардан тыс тексерулер орта білім беру ұйымдарына және бір білім бөліміне жүргізілді. Жоспардан тыс тексерулердің негіздері педагогтарды жұмысқа қабылдау талаптарының бұзылуы, педагогикалық әдеп нормаларының сақталмауы, педагогтердің аттестациясын өткізу тәртібінің сақталуы, оқушыларды шығару негіздері мен тәртібінің сақталуы болды.
Тексеру нәтижесінде 7 нұсқама берілді. Бір білім беру ұйымының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.