Педагогикалық этиканы сақтау бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы

Батыс Қазақстан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан педагогтерді лауазымдық нұсқаулықтарда көзделмеген жұмыс түрлеріне тарту, педагогтер жүргізуге міндетті құжаттар тізбесінде көзделмеген есептілікті не ақпаратты олардың талап етуі бойынша педагогтермен онлайн кездесулер өткізілді.   

Кездесу барысында барлық білім беру ұйымдарының назарында тек білім алушы болуы тиістігі, педагогтер барлық жұмыс уақытын білім беруге, білім сапасын арттыруға бағыттауы қажеттігі және олардың балалармен жеке айналысуға мүмкіндіктерінің болуы маңызды екендігі айтылды. Бұл ретте мұғалімдерге артылған артық жүктемені азайту бойынша жағдай жасап қана қоймай, педагогтерден жоғары кәсіби біліктілікті және сапалы білім беруді талап ету де қажет.

Білім сапасы, ең алдымен, мұғалімдердің біліктілігіне тікелей байланысты. Сол себепті, педагог үнемі өзін-өзі жетілдіріп, кәсіби деңгейін арттырып отыруы керектігі басты назарде екендігі жеткізілді.

 

Дата публикации
28 ноября 2025