Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылдың 9 айындағы қызметі туралы
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетті, көрсетілетін қызметтерге қатысты азаматтарды қабылдау жүргізді.
Департамент қызметкерлері арасында әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылғы 17 ақпанда өткізілген кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы, мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. 2025 жылғы 3 наурызда мереке күндері кезеңінде әдеп нормаларын сақтау және бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2025 жылғы 12 маусымда кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, қызметтік тәртіп, қызметтік этика, мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы мәселелер қайта түсіндірілді. 2025 жылғы 15 қыркүйекте қызметкерлер арасында ұжымда және қоғамдық орындарда әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, азаматтардың өтініштерін қарау кезінде бюрократизм мен волокитаға жол бермеу мақсатында 2025 жылғы 21 қаңтар және 11 ақпанда заңды тұлғалармен және Департамент көрсететін қызметтердің тұтынушыларымен кездесулер өткізіліп, лицензиялар алу, білім туралы құжаттарды апостильдеу және балабақшалар қызметіне қатысты хабарламалар жолдау тәртібі түсіндірілді.
2025 жылғы 23 қаңтарда ЗКО ТжКБ ұйымдары директорлары кеңесінің отырысында, 21 ақпанда аудандық және Орал қаласының білім бөлімдері басшыларымен өткізілген кеңесте әдеп жөніндегі уәкіл С.Жұмагереев лицензия алу, қызмет алушылардың құқықтары және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды түсіндірді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Департамент 2025 жылғы 7 сәуірде облыстағы барлық мектептер үшін, 17 ақпанда барлық колледждер үшін «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн режимде лицензияларды және лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
2025 жылғы 4 маусымда мемлекеттік аттестациядан өтетін мектептер басшыларымен оқу орындарын аттестациялау кезінде заңдылықты және қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылғы 26 тамызда «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім беру бойынша республикалық тамыз конференциясы аясында Уральск технологиялық колледжі базасында білім беру қызметін лицензиялау бөлімі басшысы С.Жұмагереев «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын лицензиялау талаптары мен процесі» тақырыбында баяндама жасады. Онда лицензия беру мемлекеттік қызметінің сапасын арттыру, өтініштерді қарау кезіндегі бюрократизм мен волокитаны азайтуға бағытталған шаралар қарастырылды.
«Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері бойынша 2025 жылғы 27 маусымда қоғамдық бірлестік төрағасы Нұрғалиев Нұрыммен, 18 маусымда шаруа қожалығының төрағасы Тажкенов Кенжетаймен түсіндіру кездесулері өткізілді. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру шаралары аясында лицензия алу тәртібі түсіндірілді. 2025 жылғы 18 қыркүйекте «Бэби Гарден» ЖШС құрылтайшысымен мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласындағы қызметті бастау туралы хабарлама жолдау мәселелері бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.