Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылдың III тоқсаны бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі
2025 жылдың III тоқсанында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі аясында электрондық лицензиялаудың мемлекеттік деректер қоры – «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы лицензия және лицензияға қосымша алуға 14 өтініш келіп түсті.
Қаралған 14 өтініштің ішінде 1-і қанағаттандырылып, 4-не дәлелді бас тарту берілді, 9 лицензия және лицензияға қосымша берілді.
Сонымен қатар, 2025 жылдың III тоқсанында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 167 өтініш түсті. Оның ішінде 132 өтініш «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, ал 35 өтініш Электрондық үкімет порталы (e-gov) арқылы қабылданды.
Нәтижесінде 127 құжат апостильденіп, 40 өтінішке дәлелді бас тарту берілді.