Азаматтарды қабылдау бойынша қысқаша ақпарат

Департамент басшысымен әр айдың сәрсенбі күні сағат 15.00-17.00 аралығында азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдау өткізіледі.

Қабылдау уақыты көрсетілген хабарландырулар департаменттің ресми сайтында жарияланып отырады.

          Департамент басшысы З.Гумарованың қабылдауында 2024 жылдың 02.09.2024 ж. Тасқала ауданы, Мереке ауылының тұрғыны азаматша  А.И. болып, аталған мектепте өткізілген педагог-психолог лауазымына өткізілген конкурс қорытындысы бойынша шағымданды. Аталған азаматшадан  «Е-өтініш» базасы арқылы өтініш қабылданып, жоспардан тыс тексеріс өткізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша Тасқала аудандық білім беру бөліміне тиісті қызметтік хат жолданды.

 08.10.2024 ж. департамент басшысы қабылдауында Орал қаласының тұрғыны азаматша У.С. болып Орал қаласы  мектептеріне жұмысқа орналаса алмай жүруі жөнінде шағымданды. Департамент басшысы тарапынан педагогтардың жұмысқа орналасуы бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Дата публикации
26 февраля 2025