Батыс Қазақтан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2024 жылдың 4-тоқсаны мен жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

2024 жылдың 4- тоқсанында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілген қызметі аясында электрондық лицензиялаудың мемлекеттік деректер қорының «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы лицензия және лицензияға қосымша алуға 5 өтініш келіп түсті. Жалпы қаралған 5 өтініштің 1- қанағаттандырылса, 4-не дәлелді бас тартылды, 1 лицензия берілді. 11 лицензия мен лицензия қосымшасы қайта рәсімделді.

 2024 жылдың 4- тоқсанында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметіне  түскен өтініштер саны -40, оның ішінде 18-і «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы болса, е-gov Электрондық үкімет порталы арқылы-22. 18 құжат апостилдеуден өткізілсе, 22-нен дәлелді бас тарту болды.

 

 

2024 жылы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілген қызметі аясында электрондық лицензиялаудың мемлекеттік деректер қорының «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы лицензия және лицензияға қосымша алуға 20 өтініш келіп түсті. Жалпы қаралған 20 өтініштің 6- қанағаттандырылса, 14-не дәлелді бас тартылды, 4 лицензия берілді. 15 лицензия және лицензияға қосымша қайта рәсімделді, 1-не дәлелді бас тартылды.

2024 жылы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметі аясында түскен өтініштер саны -369, оның ішінде 262-і «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы болса, е-gov Электрондық үкімет порталы арқылы-107. 264 құжат апостилдеуден өткізілсе, 105-нен дәлелді бас тарту болды.

 

 

 

Дата публикации
26 декабря 2024