Батыс Қазақтан облыының білім саласында сапаны
қамтамасыз ету департаментіндегі педагогикалық
әдеп жөніндегі кеңестің 2024 жылдың
І жарты жылдығындағы жұмысының есебі
Департаменттің 2024 жылдың 3 мамырдағы «Батыс Қазақтан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастыру туралы» №211 бұйрығы негізінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің құрамы қайта жасақталып, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілді.
Департамент бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес облыстың білім беру ұйымдары педагогтерімен, басшыларымен және білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп мәселелері жөніндегі кеңестің төрағаларымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» заңдарының нормаларын, «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» ережелерді қолдану бойынша, білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп кеңесінің қызметіне қатысты оқыту семинарларын өткізді.
2024 жылдың қаңтар айында білім беру ұйымдарында құрылған педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысына қашықтан мониторинг жүргізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы талаптарын орындалуына талдау жасалып, орын алған кемшіліктер мен оларды жою жолдары бағытындағы жұмыстарды жүргізу туралы хаттар аудандық және қалалық білім бөлімдеріне жолданды.
Департаменттегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте білім беру ұйымдары педагогтерінен педагогикалық әдеп ережелері мен Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңының нормаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша 9 өтініш және 1 қызметтік хат негізінде түскен ақпараттар бойынша мәселелер қаралып, нәтижесінде консультативтік-кеңесші органның, педагогикалық әдеп кеңесінің ұсынысы бойынша педагогтарға 3 ескерту, 1 сөгіс түрінде тәртіптік шара қолданылды.