2024 жылдың ІІ тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2024 жылдың ІІ тоқсанында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет туралы ақпарат. Электрондық лицензиялаудың мемлекеттік деректер қорының «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы лицензия және лицензияға қосымша алуға 3 өтініш келіп түсті. Жалпы қаралған 3 өтініштің 1- қанағаттандырылса, 2-не дәлелді бас тартылды, 1 лицензия берілді.

2024 жылдың ІІ-тоқсанында арналған «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрстеу туралы ақпарат. Түскен өтініштер саны -109, оның ішінде  81-і  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы болса, е-gov Электрондық үкімет порталы арқылы-28. 81 құжат апостилдеуден өткізілсе, 28-нен дәлелді бас тарту болды.

Дата публикации
01 июля 2024