Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2026 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есеп

2026 жылғы 18 маусымда «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың» негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында кеңес өткізілді. Іс-шара барысында заңдылықты, құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамдағы әдеп нормаларын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, азаматтардың өтініштерін қарау кезінде артық әкімшілік кедергілер мен созбалаңдықты болдырмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2026 жылғы 13 сәуірде Орал қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өтті. Кеңес барысында Әдеп жөніндегі уәкіл С. Жұмагереев лицензия алу тәртібі мен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың негізгі құқықтары жөнінде түсіндірме берді.

            2026 жылғы 17 сәуірде Теректі ауданының мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының басшыларымен лицензия алу мәселелері және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың құқықтары бойынша кеңес өткізілді.

2026 жылғы 11 маусымда онлайн форматта қосымша білім беру ұйымдары мен білім бөлімдерінің өкілдерінің қатысуымен балаларға арналған білім беру және сауықтыру ұйымдарының қызметін лицензиялау мәселелері бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды. Іс-шара барысында лицензия беру мемлекеттік қызметінің сапасын арттыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды.

2026 жылғы 1 шілдеде Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы С. Жұмагереев және Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы А. Оңғарбаева «Время Вашего вопроса» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты. Эфир барысында Департамент өкілдері ведомствоның қызметі, мемлекеттік бақылау шаралары, мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматы, сондай-ақ бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметін лицензиялау ерекшеліктері туралы баяндады. Сонымен қатар, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын лицензиялау енгізілетіні туралы түсіндірме берілді. Эфир соңында Департамент мамандары көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

 

Дата публикации
06 октября 2026