Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы туралы
Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы 2026 жылдың 12 қаңтарында өткізіліп, №1 хаттамалық шешімге сәйкес жұмыс жоспары бекітілді.
Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес ақпан айында мектептердегі педагогикалық әдеп кеңесі жұмысына қашықтан мониторинг жүргізілді. Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары талаптарының іске асырылуы қаралды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында «Орал қаласы білім беру бөлімінің №24 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысының есебі, маусым айында жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарының башылары мен өзге де лауазымды тұлғалардың ҚР «Педагог мәртебесі туралы заңының нормалары мен педагогикалық әдеп ережелерін сақтау туралы Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің есебі тыңдалды. Қыркүйек айында Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының Бәйтерек аудандық білім беру бөліміне қарасты білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп мәселелері туралы есебі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінің «Сұлукөл «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің» педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жұмысы және әдеп бұзған педагогтердің мәселелері туралы есебі тыңдалды.
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңеске педагогикалық әдеп және педагогтердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түскен өтініштердің дәлелді материалдарының болмауына және уақтылы жолданымды толықтырмауына байланысты Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» 70-бабына сәйкес тоқтатылды.
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңының 6-бабы талаптарының сақталуын қаматамасыз
ету қызметі бойынша мәлімет
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2026 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушілер тарапынан педагогтерге кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз еткен.
Педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмеген.
Педагогтен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етпеген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізбеген.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді деген талап бойынша Департаментке 1 ғана арыз түсті. Орал қаласының №24 жалпы орта білім беретін мектебінің педагогінен мектеп басшылығы мектеп формасын алуды талап етті деген арызы, тексеріс барысында анықталмады.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олар кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тартуға жол берілмеген.