2026 жылдың ІІІ-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Батыс Қазақтан облыының білім саласында сапаны

қамтамасыз ету департаментімен

2026 жылдың 3-тоқсаны

қорытындысы бойынша көрсетілген

 мемлекеттік қызметтер туралы есебі

2026 жылдың 3- тоқсанында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілген қызметі аясында электрондық лицензиялаудың мемлекеттік деректер қорының «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы лицензия және лицензияға қосымша алуға 15 өтініш келіп түсті. Жалпы қаралған 15 өтініштің 13- қанағаттандырылса, 2-не дәлелді бас тартылды, 12 лицензия (2 мектеп, 10 білім беру-сауықтыру орталығы) және 1 лицензияға қосымша берілді. 1 лицензия мен лицензия қосымшасы қайта рәсімделді.

 2026 жылдың 3- тоқсанында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметіне  түскен өтініштер саны-121, оның ішінде 93-і «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы болса, е-gov Электрондық үкімет порталы арқылы-28. 90 құжат апостилдеуден өткізілсе, 31-нан дәлелді бас тарту болды.

Дата публикации
05 октября 2026