Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңының 6-бабы талаптарының сақталуын қаматамасыз ету қызметі бойынша мәлімет

Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңының 6-бабы талаптарының сақталуын қаматамасыз ету қызметі бойынша мәлімет

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2026 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушілер тарапынан педагогтерге кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз еткен.

Педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмеген.

Педагогтен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етпеген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізбеген.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді деген талап бойынша Департаментке 1 ғана арыз түсті. Орал қаласының №24 жалпы орта білім беретін мектебінің педагогінен мектеп басшылығы мектеп формасын алуды талап етті деген арызы, тексеріс барысында анықталмады.   

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олар кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тартуға жол берілмеген.

Дата публикации
02 июля 2026