2026 жылдың I жартыжылдағы бақылау іс-шаралары туралы

2026 жылдың I жартыжылдағы бақылау іс-шаралары туралы

2026 жылдың I жартыжылдығында Департамент тарапынан орта білім беру ұйымына қатысты бару арқылы 1 профилактикалық бақылау жүргізілді. Профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Есепті кезеңде бұдан бөлек 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік орта білім беру ұйымына қатысты біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, облыс прокуратурасының тексеруі аясында Департамент қызметкерлері 8 жекеменшік орта білім беру ұйымына қатысты біліктілік талаптарының сақталуына тексеру жүргізді. Тексеру материалдары облыс прокуратурасына жолданды.

Облыс прокуратурасынан келіп түскен материалдарды қарау нәтижесінде Департамент 7 білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 464-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Дата публикации
02 июля 2026