Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жүргізілген жұмыстар туралы

Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

         Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызметтік әдеп нормаларының сақталуына тұрақты мониторинг жүзеге асырылады. Сонымен қатар, азаматтармен кері байланыс орнату, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылуда.

Департамент қызметінде заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын сақтау басты басымдықтардың бірі болып табылады.

Мемлекеттік бақылау шаралары кезінде сыбайлас жемқорлыққа апаратын жағдайлардың орын алмауы үшін білім беру ұйымдары басшыларымен алдын алу, түсіндіру шаралары өткізіліп отырады.

Жалпы облыста мемлекеттік бақылау шаралары кезінде сыбайлас жемқорлыққа апаратын жағдайлардың орын алуы немесе осы бағыттағы шағымдар болмады.

Дата публикации
01 июля 2026