2024 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілі департамент қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында “e-otinish” электронды өтініштер порталының тиімді жұмысы мен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау мәселелері талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өтініштермен жұмыс істеу барысында заң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету және электронды платформаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды арттыру болды.
Департамент қызметкерлері пайдалы ақпаратпен танысып, өздерінің кәсіби дағдыларын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік алды.
Осындай шаралар мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.