2025 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін балабақша меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған семинар-кеңес

2025 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін балабақша меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған семинар-кеңес

2024 жылғы 14 қарашада Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстық әдістемелік орталықпен бірлесіп 2025 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін балабақша меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған семинар-кеңес өткізді.

2025 жылы Жетісу облысында 52 балабақша (мемлекеттік-35, жекеменшік-17) мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Семинар барысында педагогтер мен ата-аналар арасында сауалнама жүргізу және мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі туралы түсініктемелер берілді.

Семинар-кеңеске қатысушылар өзін-өзі бағалау кезеңдерімен, білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.