16 тамызда Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы А.Башаров және Жетісу облысы білім басқармасының басшысы М.Сүлейменовтың «Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы» тақырыбында брифингі өткізілді. А. Башаров өз сөзінде білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығына жүргізілген мониторинг қорытындыларымен таныстырды. Сондай-ақ, олар облыстың орта білім беру саласын дамытудағы оң үрдістерді атап өтіп, алдағы оқу жылына арналған міндеттерді айқындады.