Өңірлерде тамыз конференциясы басталды

Өңірлерде тамыз конференциясы басталды

⚡️ Бүгін еліміздің 20 өңірінде білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің өңірлік секциялық отырыстары басталды, ал негізгі республикалық іс-шара 21 тамызда өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

📌 Алғаш рет республикалық шара халықаралық саммит форматында білім саласындағы сарапшылар - халықаралық қонақтардың қатысуымен өтеді. Биылғы жылы саммит «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында цифрландыруға және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына арналған.

🗣 «Өңірлік конференцияларда дәстүрлі пленарлық отырыстар, интерактивті параллельді сессиялармен қатар, «Цифрлық білім берудің болашағы» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылады және цифрландыру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен шеберлік сабақтары өтеді», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

🔷 Панельдік секциялар мен пленарлы отырыстың материалдары барлығына қолжетімді болуы үшін облыстық басқармалардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

📕 21 тамызда өтетін педагогтердің республикалық тамыз саммитінің пленарлық отырысына білім саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуы күтілуде. Оған онлайн режимде 500 мыңнан астам педагогтер қатысуға мүмкіндік алады.