Жетісу облысының білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі

Жетісу облысының білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі

2024 жылғы 16 тамыз күні Жетісу облысының білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өткізілді. Педагогикалық қоғам өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылына басым міндеттерді айқындады. Тамыз конференциясының шеңберінде «Баршаға қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесіп дамыту стратегиялары» тақырыбында «943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасына енген облыстың нысаналы мектептері басшылары мен орынбасарларына арналған секциялық отырыс өтті.
Аталған жобаны іске асыру шеңберінде жүргізілетін мемлекеттік бақылау шаралары және мониторинг мәселелері туралы Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.Башаров баяндады.