Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде білім беру қызметін лицензиялау комиссиясының отырысы өткізілді. Комиссия отырысының шешімі негізінде Талдықорған қаласындағы «Dostyq School Taldykorgan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түріне лицензияға қосымша берілді.