
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 10-24 шілдесі аралығында облыстың барлық мектептерінің жаңа оқу жылының басталуына дайындығын тексеру мақсатында мониторинг жүргізілді. Мониторинг тобының құрамында Жетісу облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, «Өрлеу» филиалының 2 адамы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 6 қызметкері болды.
📌 Жетісу облысында 337 мектеп жұмыс істейді, 2 бастауыш мектеп жабылды. Оның ішінде, 295 мектебінде косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілген, мектептер жаңа оқу жылының басталуына дайын. Қалған мектептерде ағымдағы және косметикалық (бояу, әктеу) жөндеу жұмыстары жалғасуда.
📌Сондай-ақ, 6 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 6 мектепте жөндеу жұмыстары оқу жылының басында аяқталады деп күтілуде.
📌Сонымен қатар, мониторинг 143 мектепте күрделі жөндеу қажеттілігін көрсетті. Оның ішінде 8 мектепте жөндеу жұмыстары жоспарланған, қалған мектептерге қаржыландыру мәселесі қарастырылмаған.
📌Турникеттер толық жинақталған 140 мектепте орнатылған, ал оқушылар саны бойынша оларды орнату нормативтік құжаттарға сәйкес талап етілмейтін шағын жинақталған және арнайы мектептерде орнатылмаған.
📌Спорт залдар - 58, асхана - 172 мектепте, физика кабинеті- 219, химия кабинеті - 215, биология кабинеті - 218, робототехника кабинеті – 279 мектепте жоқ. Интернеттің баяу жылдамдығы (4 мб/с – тан аз) 39 мектепте, орташа жылдамдық (4-10 Мб/с) 63 мектепте, орташа жылдамдықтан жоғары (10-20 мб/с) 235 мектепте байқалады.
❗️28 мектепте дабыл түймесі жоқ.
📌Мониторинг барысында анықталған проблемалық мектептер бақылауға алынды және ағымдағы жылдың тамыз айында қайтадан қорытынды мониторинг жүргізіледі.