
Ағымдағы жылдың 16 мамырында Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде білім беру қызметін лицензиялау комиссиясының отырысы өткізілді. Комиссия отырысының шешімі негізінде «Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақкент бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне білім беру қызметін жүргізу құқығына «Бастауыш білім беру» қызметтің кіші түріне лицензия және лицензияға қосымша берілді.