
Мемлекеттік аттестаттау шеңберінде «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Қоңыр орта мектебі» КММ-де кешенді тестілеу жүргізілуде. Бүгінгі күні тестілеуге 9 сыныптың 5 оқушысы қатысты. Тестілік бақылау Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілді.