
Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тұрақты негізде күрделі жөндеуге жататын білім беру ұйымдары мен жаңа құрылыс объектілерінің мониторингін жүргізеді.
Талдықорған қаласы білім бөлімі басшысымен бірге Талдықорған қаласы Ынтымақ ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауыл мектебінің жаңа құрылысына барды.
2021 жылдың мамыр айында 1200 оқушыға арналған мектеп құрылысы басталған.
Құрылыстың аяқталу нысаны 2023 жылдың мамыр айы.
Жаңа мектептің құрылысы оқушы орны тапшылығын жояды және педагогтер мен балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.