« Үшарал қаласының № 1 орта мектебі» КММ

« Үшарал қаласының № 1 орта мектебі» КММ

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тұрақты негізде күрделі жөндеуге жататын білім беру ұйымдары мен жаңа құрылыс объектілерінің мониторингін жүргізеді.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарымен бірге Алакөл ауданы, Үшарал қаласының № 1 орта мектебіне барды. Мектеп 1967 жылы іске қосылған, жобалық қуаты 960 орындық үш қабатты ғимаратта орналасқан.

Мектепте асхана, спорт және акт залы, кітапхана, медициналық кабинет, 37 оқу кабинеті, 3 зертхана,мұғалімдер бөлмесі , спорт алаңы бар.

Аталған мектепте оқушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2023 жылдың маусым-тамыз айында күрделі жөндеу жұмысы жоспарланған.

Мектептің жөндеу жұмысы оқушылар үшін де, педагогтер үшін де білім беру процесін ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.