
Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тұрақты негізде күрделі жөндеуге жататын білім беру ұйымдары мен жаңа құрылыс объектілерінің мониторингін жүргізеді.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарымен бірге Алакөл ауданы, Теректі ауылдық округіне қарасты Теректі орта мектебіне барды. Мектеп 1974 жылы іске қосылған, жобалық қуаты 960-орындық үш қабатты типтік мектеп ғимараты.
Сонымен бірге, мектепте асхана, спорт және акт залдары бар.
Аталған елді мекенде оқушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2021 жылдың қазан айында 274 оқушы мен 40 бүлдіршінге арналған шағын орталығы бар мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары басталған.
Мектептің күрделі жөндеу жұмыстары оқушылар үшін де, педагогтар үшін де білім беру процесін ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.