«Моноқала» бағдарламасы

«Моноқала» бағдарламасы

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, облыстық білім басқармасы, «Өрлеу» облыстық филиалы және әдістемелік орталықтың бірлескен жұмыс тобы Текелі қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығына барды.
Орталық 2015 жылы «Моноқала» бағдарламасы бойынша ашылған. Орталықтағы оқушылар саны-558 оның ішінде қазақ тілінде оқитын оқушылар саны-348; орыс тілінде оқитын оқушылар саны-210.
Сонымен қатар мекемедегі спорт үйірмелерін атап өтсек: жас туристер, велотуризм, тау туризмі, жаяу туризм, шағын туризм, гидтер-экскурсоводтар, географиялық, тарихи, экологиялық өлкетану, туристік көпсайыс, спорттық жартасқа өрмелеу және спорттық бағдарлау, спелеотуризм, альпинизм, велотуризм, жас саяхатшы, жас зерттеуші, бардтық әндер, шаңғы туризмі, су туризмі.
Аталған спорт үйірмелерінің ішінен 20-дан астам қатысушының СШҮ (туристік көпсайыс бойынша спорт шеберіне үміткер) спорттық дәрежесі және балалар мен жасөспірімдер туризм орталығының қатысушылары Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы бар. Алдағы уақыттада спорт шеберлерімен чемпиондарын шығаруға жұмыстар жасалынады.