
Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тұрақты негізде күрделі жөндеуге жататын білім беру ұйымдары мен жаңа құрылыс объектілерінің мониторингін жүргізеді.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарымен бірге Қаратал ауданындағы жаңадан салынып жатқан гуманитарлық колледж ғимаратына және жатақханасына шолу жасады.
Аталған колледжде студенттер, үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында, 2022 жылдың наурыз айында 100 орындық колледж және 30 орындық жатақхана ғимаратының жаңа құрылысын салу басталған.
Жоба аясында колледж жаңа қазіргі заман талабына сай құрылғылармен жабдықталады және де колледж жатақханасында демалыс бөлмелері, кір жуатын орындар, жеке санитарлық тораптар мен душ бөлмелері, ас үй аймағы және студенттерге арналған екі орынды бөлмелер қарастырылған.
Құрылыстың аяқталу мерзімі 2023 жылдың тамыз айы.
Жаңа ғимарат құрылысы студенттер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.