Текелі қаласының білім беру ұйымдарының педагогтерімен «Жаңа форматтағы Педагог» тақырыбында кездесу.

Текелі қаласының білім беру ұйымдарының педагогтерімен «Жаңа форматтағы Педагог» тақырыбында кездесу.


Жұмыс тобы Текелі қаласының білім беру ұйымдарының педагогтерімен «Жаңа форматтағы Педагог» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге 150 адам қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты «Педагог мәртебесі туралы» заң нормаларын бұзу фактілеріне мониторинг жүргізу, 2023 жылы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады.
Сонымен қатар, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары мен аттестаттау ережелері мен шарттары түсіндірілді.
Департамент басшысы әрбір мемлекеттік органның қолжетімділігі, білім беру саласының барлық мәселелерін жедел шешуге мүдделілік мәселесіне ерекше назар аударды.
Кездесудің қорытындысы бойынша жұмыс тобы мүшелерінің педагогтерды жеке қабылдауы ұйымдастырылды.