Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінің жатақханасы

Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінің жатақханасы

 Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тұрақты негізде күрделі жөндеуге жататын білім беру ұйымдары мен жаңа құрылыс объектілерінің мониторингін жүргізеді.
 Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарымен бірге Талдықорған қаласындағы Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінің салынып жатқан жатақханасына барды. Аталған колледж Музыка училищесі ретінде 1979 жылы құрылған. Жобалық қуаттылығы 300-орындық, бес қабатты бейімделген ғимаратта орналасқан.
Аталған колледжде студенттер, үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында, 2022 жылдың наурыз айында 100 орындық жатақхана ғимаратының жаңа құрылысын салу басталған.
Жоба аясында жатақханада демалыс бөлмелері, кір жуатын орындар, жеке санитарлық тораптар мен душ бөлмелері, ас үй аймағы және студенттерге арналған екі орынды бөлмелер қарастырылған.
Сонымен қатар, музыкалық колледждің ерекшелігін ескере отырып, реакряцияларда студенттерге арналған музыкалық аспаптар орнатылады.
Құрылыстың аяқталу мерзімі 2023 жылдың мамыр айы. Жаңа жатақхана құрылысы студенттер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді