
Жетісу облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаменті «Алғыс айту» күніне орай Техникалық және кәсіптік білім беру, орта мектепке дейінгі ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауда белсенділік танытып, профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізген сарапшыларды құттықтап, алғысын білдірді. Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің білім беру саласындағы рұқсат беру саясаты басқармасының басшысы Ж.Ауезханова іс-шараға арнайы қатысып Министірліктің алғыс хаттарымен марапаттады, кездесуге 30-ға жуық адам қатысты. Іс-шара барысында сарапшылар аттестаттау рәсімінің тиімділігін жақсарту бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстар айтты.