Талдықорған қаласы Қ.Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі

Талдықорған қаласы Қ.Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің білім беру саласында рұқсат беру саясаты басқармасының басшысы Жұлдыз Әуезханова Жетісу облысында

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің білім беру саласында рұқсат беру саясаты басқармасының басшысы Жұлдыз Әуезханова Жетісу облысына жұмыс сапары барысында, Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Қайрат Ізбасарұлымен бірге Талдықорған қаласы Қ.Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің білім беру сапасы, оқу үрдісі мен материалдық-техникалық базасымен танысты. Кездесу барысында мектептің тәрбиелік іс-шаралары мен сабақтарға шолу жасап, мұғалімдермен жүздесіп, сұхбаттасты. Алдағы уақытта республикамыздағы ІТ бағытындағы алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен байланыста болуға ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында мәжіліс залында өтіп жатқан драма үйірмесінің оқушыларымен және спорт залында волейболдан облыстық турнирге жолдама алған оқушылармен жүздесіп, сәттілік тіледі.