Талдықорған қаласы №6 балабақша ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары

Талдықорған қаласы №6 балабақша ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары

🔰 Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тұрақты негізде Жетісу облысы бойынша күрделі жөндеуге жататын білім беру ұйымдары мен жаңа құрылыс объектілерінің мониторингін жүргізеді.
✅ Талдықорған қаласы №6 балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 791,742 мың теңге бөлінді.
📌 Ғимараттың бір бөлігін қайтару есебінен 120 балаға қосымша 8 жаңа топ ашылады (2017 жылға дейін балабақша ғимаратының бір бөлігінде қалалық мұрағат орналасқан).
Күрделі жөндеуден өткен балабақша балалар кезегін азайтуға және педагогтер үшін де білім беру процесін ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.